|
Театр өнері қайраткерлерінің республикалық практикумы 12-ші рет өтеді |
|
|
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі 2012 жылдың 28-29 наурызында Алматы қаласында Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында Шетелдік мамандардың қатысуымен Театр өнері қайраткерлерінің ХІІ республикалық практикумын өткізеді. Практикум «Қазіргі заман театрларындағы дәстүрлер мен жаңашылдық» және «Театр сыны мен оның заманауи театр үрдісіндегі алатын орны» тақырыптарына арналады. Практикум жұмысына Ресей Федерациясы мен Польша мемлекеттерінің еңбек сіңірген өнер қайраткері, мәдениет пен өнер саласындағы Мәскеу сыйлығының лауреаты, Мәскеу журналистер одағы сыйлығының иегері, «Театральная жизнь» журналының бас редакторы Олег Иванович Пивоваров және театртанушы, режиссер, өнер кандидаты Александр Смольяков қатысады. Сонымен қатар практикумға Қазақстан театрларының бас режиссерлері, директорлары мен көркемдік жетекшілері, сондай-ақ Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының студенттері шақырылды. Баспасөз конференциясы 28 наурыз күні сағат 10.30-да, ал практикумның ресми ашылуы 11.00-де өтеді. Практикум аясында Д.Исабековтың «Жаужүрек» (реж. Е.Обаев), Т.Теменовтың «Карменсита» және Ш.Айтматовтың «Қызыл орамалды шынарым» (реж. Т.Теменов) спектакльдерінің көрсетілімі жоспарланған.
Қосымша ақпарат алу үшін: 8 (7172) 54-64-55, 54-64-77.
|
|
«Өз елім» - «Мой Казахстан» Суретшілер форумы мен сурет көрмесі өтеді |
|
|
Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі 2011 жылғы 26 қарашада Астанада Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай «Өз елім» - «Мой Казахстан» Суретшілер форумын және сурет көрмесін өткізеді.
Мәдени іс-шараның мақсат-міндеттері – Қазақстан тақырыбындағы жаңа шығармаларды жасауға ынталандыру және суретшілердің шығармашылық әлеуетін таныту; отандық суретшілерді қолдау; бейнелеу мен сәндік-қолданбалы өнердің үздік жетістіктерін насихаттау; ұлттық мәдениетке, өнерге деген сүйіспеншілікті және қазақстандық патриотизмді дамыту; жаңа бейнелі және пластикалық шешімдерді, көркемдік-мағыналы әдістер мен түрлерді, сонымен қатар айқын танылған бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнердің қазақстандық мектебінің даму мүмкіндіктерін қарастыру; мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.
26 қараша күні сағат 09.00-де Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Әлеуметтік ғылымдар факультетінің ғимаратында «Өз елім» - «Мой Казахстан» Суретшілер форумының ашылуы және пленарлық отырысы өтеді. Форумға мемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ шығармашылық одақтардан – Қазақстан Суретшілер одағы, Қазақстан Дизайнерлер одағының мүшелері, шетелдік өнер қайраткерлері (Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан) қатысады деп күтілуде.
26 қараша күні сағат 14.00-де Президенттік мәдениет орталығында «Өз елім» - «Мой Казахстан» сурет көрмесінің ашылуы мен конкурстың жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтеді.
Ал сағат 16.00-де Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде (Қ. Мұңайтпасов 3) Форумның секциялық отырыстары өткізіледі. |
|
VІІI Республикалық «Елім менің» патриоттық әндер конкурсы |
|
|
Қазіргі заман, бүгінгі қоғам тақырыбындағы әндердің, әсіресе патриоттық әндердің маңыздылығы жыл өткен сайын артып келеді. Кейінгі буынды отансүйгіштікке, адал еңбекке тәрбиелеуде рухты әндердің алатын орны айрықша.
«Елім менің!» деген асқақ пафоспен айтылатын әндердің көп болуы – уақыт сұранысы, замана тынысы. Ел мен жерді қорғау, сақтау ісі қаншалықты қымбат болса, олар жайлы түсінікті жас ұрпақтың бойына сіңіру де соншалықты маңызды. Әр мемлекет, әрбір ұлт өз жерін, елін қорғау жолында, жас ұрпақты ел мен жердің иесі ретінде түсіндіруде ән өнерінің небір озық туындыларын пайдаланатыны белгілі.
Осы орайда жыл сайын елімізде жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу, патриоттық шығармалардың авторларына қолдау көрсету, отандық орындаушылардың репертуарларын патриоттық тақырыптағы жаңа музыкалық шығармалармен толықтыру және ән туындыларының бәсекелестігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігі ұйымдастыруымен «Елім менің» патриоттық әндер конкурсының қорытынды концерті өтеді.
Концерт 2011 жылдың 26 қарашасында Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің оқу-зертханалық ғимаратының концерт залында өтеді.
Концертте конкурстан жүлде алған шығармалар орындалып, марапаттау рәсімі өткізіледі.
Кіру тегін. |
|
Желтоқсанның басында Астанада Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған республикалық ақындар айтысы өтеді |
|
|
Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі Астана қаласы Конгресс-Холл сарайында 2011 жылғы желтоқсанның 2-4 аралығында Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған Республикалық ақындар айтысын өткізеді.
Шараны өткізудегі басты мақсат – мәдениетіміздің баға жетпес асыл мұрасы ретінде айтысты халыққа жан-жақты насихаттап, оның дамуына мемлекеттік деңгейде қолдау көрсету, болашақ ұрпаққа айтыс өнерін жеткізу, оны одан әрі дамытып, сапалық деңгейін жақсарту, шебер сөз құрау мен жоғары деңгейдегі поэзия арқылы мемлекеттік тілдің арнасын кеңейтіп, дамыту әрі насихаттау.
Айтысқа республикалық, халықаралық сайыстардың жеңімпаздары, үлкен сахнаға енді шығып жүрген жас дарынды ақындар, сонымен қатар Қытай, Моңғолия, Қырғызстан елдерінің таңдаулы айтыскерлері қатысады.
Айтысқа Мырзатай Жолдасбеков, Сәбит Оразбаев, Асанәлі Әшімов, Фариза Оңғарсынова, Өмірзақ Сәрсенов, Амангелді Ермегияев, Несіпбек Айтұлы, Сейіт Қасқабасов, Өмірзақ Айтбаев сияқты өнер қайраткерлері және айтыс жанашырлары қазылық ететін болады.
Өтетін орны - Астана, Конгресс-Холл (Кенесары, 32)
Өтетін уақыты - 2 желтоқсан – сағ. 11.00, 3 желтоқсан – сағ. 11.00, 4 желтоқсан – 15.00.
Анықтама үшін: +7 (7172) 54-64-55, 54-64-77. |
|
Атақты күйші Дина Нұрпейісованың 150 жылдық мерейтойына арналған театрландырылған концерттік қойылым өтеді |
|
|

Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің ұйымдастыруымен 2011 жылғы 15 қазанда сағат 18.00-де Астанадағы Президенттік мәдениет орталығында қазақ күй өнерінің аса дарынды өкілі, Қазақ КСР-нің халық композиторы, ұлы күйші Құрманғазының шәкірті Дина Нұрпейісованың 150 жылдық мерейтойына арналған театрландырылған концерттік қойылым өтеді.
Іс-шараның мақсаты жас ұрпақтың домбыра өнеріне деген қызығушылығын арттыру, шығармалары күй тақырыптарының, түрлерінің барлығын қамтыған, сонымен қатар күйге тән екпінді, ритмикалық шиеленісті, аса қарқынды келетін, барлық музыкалық образдар бейнеленетін және өзіне тән айшықты, асқан шеберлікпен, психологиялық ширыққан мәнерде орындалатын Дина Нұрпейісова мол мұрасын насихаттай отырып қазақ патриотизмін дамыту болып табылады.
Мерекелік шара «Дина Нұрпейісованың туғанына 150 жыл толуын дайындау және өткізу» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 қаңтардағы №18 қаулысына сай өткізіледі.
Қазақстанның халық жазушысы Фариза Оңғарсынова, ғалым, күй зерттеушісі Айтжан Тоқтаған, атақты күйшінің немересі Төлеген Қуанышев, т.б. іс-шараның құрметті қонақтары болады. Қазақтың классикалық домбыра өнеріндегі композитордың шоқтығы биік «Ару ана», «Домалатпай», «Байжұма», «Бұлбұл», «Он алтыншы жыл», т.б. шығармаларын Секен Тұрысбеков жетекшілігіндегі «Ақ жауын» мемлекеттік камералық оркестрі орындайды. Домбырашылар: Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Айгүл Үлкенбаева, халықаралық конкурстардың лауреаттары Анар Мұздаханова, Аягөз Нұрсұлтанова, Андрей Сендриков, қобызшы Раушан Оразбаева, Дина Нұрпейісованың 150 жылдық мерейтойы қарсаңында өткен домбырашылардың республикалық конкурсының бас жүлдегері Асылай Әбенова, т.б. өнер көрсетеді деп күтілуде. |
|
|
Астанада М. Таривердиев атындағы VII халықаралық органистер конкурсының Азиялық туры өз мәресіне жетті |
|
|

Астанада М. Таривердиев атындағы VII халықаралық органистер конкурсының Азиялық туры өз мәресіне жетті. Азиялық турдан өтіп іріктеу кезеңіне жолдама алған қатысушылар енді Калининград қаласында өтетін конкурсқа қатысады. Қатысушылар конкурста Иоганн Себастьян Бахтың «Үш сонатасы: №2, 3, 4, 5», Жан Аленнің «Интермеццо: интродукция және вариация», «Скерцо», «Литании», Оливье Мессианның «Де пар мину» сияқты аса күрделі шығармаларын орындады. Қазылар алқасының шешімімен конкурстың келесі кезеңіне Соломониду Иоанна (Грекия), Ақышбекова Ләйлә (Қазақстан), Park Soyon (Корея Республикасы), Ryoko Hanawa (Mori) (Жапония) өтті. |
|
Астанада тұңғыш рет Микаэл Таривердиев атындағы органистердің VII Халықаралық конкурсы өтуде |
|
|

2011 жылғы 2-3 қыркүйекте Астанада Қазақ ұлттық музыка академиясының төрінде Микаэл Таривердиев атындағы органистердің VII Халықаралық конкурсының Азиялық туры өтіп жатыр.
Конкурсқа Казақстаннан жеті, Корея Республикасы мен Жапониядан бір үміткерден қатысуда.
Қазылар алқасының құрамында әлемнің танымал органистері – Джеймс Дэвид Кристи (АҚШ), Окубо Наоми Мацуи (Жапония), Ғабит Несіпбаев (Казақстан), Лада Лабзина (Ресей) бар.
Конкурстың сыйлы қонақтары қазақстандық актриса Наталья Аринбасарова, Микаэл Таривердиев мейірімділік қорының президенті, конкурс арт-директоры Вера Таривердиева шақырылды.
Органистер конкурсының Азиялық туры Қазақстан Республикасында алғаш рет өткізіліп отыр. Осы конкурс көрнекті композитор Микаэл Таривердиевтің 80 жылдық мерейтойымен сәйкес келіп отырғанына ерекше мән беріліп отыр.
Конкурс аяқталған соң, яғни 3 қыркүйекте сағ. 17.00-де Қазақ ұлттық музыка академиясының орган залында «Аз и Я» концерті өтеді. Концерттік бағдарламаға Олжас Сүлейменовтың осы аттас кітабы арқау болады. Концертті ұйымдастырудың негізгі мақсаты – еуразиялық кеңістік идеясының маңыздылығына көз жеткізу. Бағдарламада Шығыс тақырыптарына бет бұрған шығыс, ресей, еуропа композиторларының шығармалары орындалады.
Концерттік бағдарламада сөз бен саз үйлесімін тауып, кезектесе орындалып отырады. Олжас Сүлейменовтың «Аз и Я» кітабынан, Шыңғыс Айтматовтың «Ғасырдан да ұзақ күн», «Теңіз жағалай жүгірген тарғыл төбет», «Қош бол, Гүлсары!», «Ақ кеме», «Кассандра таңбасы» кітаптарынан үзінділерді Ресей мен Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Наталия Орынбасарова мәнерлеп оқиды. Сондай-ақ Микаэл Таривердиев атындағы Халықаралық органистер конкурсы шеңберінде Хироко Иноуэ (Жапония), Лада Лабзина (Ресей), Венера Сейітбатталова (Қазақстан) сынды лауреаттар да өз өнерлерін тыңдарман қауымға паш етеді деп күтілуде. |
|
БАСПАСӨЗ ПАРАҒЫ |
|
|
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған Орталық Азиядағы толеранттылық мәселелері жөніндегі Азаматтық форумның
Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі Қазақстан халқы Ассамблеясымен бірлесіп 2011 жылғы 1 шілдеде Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған Орталық Азиядағы толеранттылық мәселелері жөніндегі Азаматтық форум өткізеді.
Аталған іс-шара Елбасымыздың Қазақстан халқы Ассамблеясының 16-сессиясында берген тапсырмасына сәйкес өткізіледі және Азиядағы мәдениет аралық үндесуді дамыту мен тұрақтылықты нығайту жөніндегі аймақ елдерінің әріптестігін қалыптастыруға бағытталған.
Форумға қатысуға Иран, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстаннан шетелдік сарапшылар шақырылды. Сондай-ақ форумға Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, Қазақстан халқы Ассамблеясының, мемлекеттік органдардың, ғылыми және шығармашылық интеллигенцияның, сарапшылар қауымдастығының өкілдері, этномәдени бірлестіктердің басшылары шақырылды.
|
|
Толық оқу...
|
|
«Дүниеге келер әлі талай Қасым» |
|
|

Қазақтың дауылпаз ақыны Қасым Аманжоловтың туғанына был 100 жыл толып отыр.
- Президенттің сөзі, Үкіметтің арнайы қаулысынан кейін атақты ақынның мерейлі тойын Астанадан бастап, еліміздің басқа өңірлерінде де атап өту қажет. Бүгінгі мынау Президенттік мәдениет орталығында өтіп жатқан игі шара алдымен қазақ әдебиетіне, мәдениетіне құрмет, таланттарына тағзым, - деді ҚР Мәдениет министрі М. Құл-Мұхаммед мырза.
«Дүниеге келер әлі талай Қасым» деген атпен өткізілген әдеби-сазды кешке еліміздің танымал өнер қайраткерлері, ҚР халық әртістері Қайрат Байбосынов, Гүлжан Әспетова, Сара Тыныштығұлова, атақты күйші Секен Тұрысбек, әнші Алтынай Жорабековалар қатысып, өнер көрсетті. Әдебиетші ғалым Мырзатай Жолдасбеков сөз арасында Қасым ақын туралы естеліктер айта отырып, кештің мағыналы өтуіне септігін тигізді. Ақынның жүрек шамының молдығы, азаматтық ұстанымы, сан алуан өнердің тұтқасын ұстаған дарыны, қазақ әдебиетіне сіңірген еңбегі ұшан-теңіз, сол еңбек ұрпақтар кәдесіне жарай беретіні анық.
Кеште ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің ең жарық жұлдызы Қасым Аманжоловтың отты, аса рухты жырлары оқылды, әндері шырқалды.
Әдебиет тойы, ақын тойы мұнымен бітпек емес, туған өлкесі Қарқаралы жерінде жалғасады. Ақындар мүшайрасы өтіп, түрлі мәдени шаралар ұйымдастырылмақ. |
|
«ҚР тәуелсіздігінің 20 жылдығын тойлау жөніндегі мемлекеттік комиссия алғашқы отырысын өткізді» |
|
|
ҚазТАГ - Айнагүл Бекеева. ҚР мемлекеттік хатшысы - сыртқы істер министрі Қанат Саудабаевтың төрағалығымен Қазақстанның тәуелсіздігінің 20 жылдығын тойлау жөніндегі мемлекеттік комиссия өз жұмысын бастады.
«Тәуелсіздіктің 20 жылдығын тойлау шараларының жалпы ұлттық жоспарын іске асыру бүкілхалықтық іс болуы тиіс. Сондықтан той қарсаңында біз 2011-ші жыл бойы тәуелсіз Қазақстанның әлеуметтік-эконмокиалық, мәдени-гуманитарлық және демократиялық дамудағы тарихи жетістіктерін паш ету үшін қолымыздан келгеннің бәрін істеуіміз керек», - деді мемлекеттік хатшы бейсенбі күні отырысты ашып тұрып.
Комиссия құрамына президент әкімшілігінің, үкіметтің, парламент депутаттарының өкілдері мен орталық мемлекеттік органдардың бірінші басшылары, облыс әкімдері, Астана, Алматы қалаларының әкімдері, сондай-ақ қоғамдық ұйым жетекшілері кірді.
Мемлекеттік комиссия аясында төрт жұмыс тобы құрылды: ҚР премьер-министрінің орынбасары, индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Иекешовтың басшылығындағы шараны ұйымдастырушылық-қаржылық қамтамасыз ету бойынша; ПӘ жетекшісінің орынбасары Мәулен Әшімбаев басқарған, шараның ақпараттық сүйемелдеу мен қоғамдық-саяси мәні бойынша топ; Астана әкімі Иманғали Тасмағамбетов пен мәдениет министрі Мұхтар Құл-Мұхамбет, тиісінше шараның елордада өткізілуі мен мәдени-гуманитарлық мәселелерін басқаратын болды.
27-ші қаңтардағы президенттің жарлығымен 2011-ші жыл Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 20 жылдығын тойлау жылы деп жарияланған және «Бейбітшілік пен жасампаздықтың 20 жылы» ұранымен атап өтіледі.
|
|
|
|
|
<< Бірінші < Алдыңғысы 1 2 3 4 5 6 Келесі > соңғы >>
|
|
JPAGE_CURRENT_OF_TOTAL |